Сұраныстың қайта қалпына келуіне байланысты осы жылдың қаңтар-сәуір айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25,7%-ға артқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
"Сұраныстың қайта қалпына келуіне және келісім бағаларының өсуіне байланысты осы жылдың төрт айында мемлекеттің сыртқы сауда айналымы 25,7%-ға артып, 23,1 млрд долларға дейін жетті. Оның ішінде экспорт көлемі 34%-ға немесе 14,9 млрд долларға дейін, импорт 13,1%-ға, 8,3 млрд долларға дейін өсті. Сыртқы сауда айналымының қалыпты сальдосы 6,6 млрд доллардан асып, 1,7 есеге өсті", – деді министр халықпен есептік кездесуі кезінде.
Оның сөзінше, 2017 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында (ЕАЭО) сауда айналымы 5,1 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға артқан.
"Ресейге экспорт 32,3%-ға артып, 1,4 миллиарда долларды құрады, Белорусьқа 7,4 есеге өсіп, 0,2 миллион долларды, Қырғызстанға 31,5%-ға артып, 130,1 миллион долларды құрады", – деді Сүлейменов.