ТМД елдерінің лаңкестік ұйымдарда әскери дайындықтан өткен 7 мыңнан астам азаматтары халықаралық іздеуде деп мәлімдеді ТМД лаңкестікке қарсы орталығының басшысы Андрей Новиков.
«Қазіргі таңда террористік, экстремистік қылмыс жасаған 7 мыңнан астам ТМД елдерінің азаматтары халықаралық іздеуде жүр. Олардың 2 мыңы жалдамалы содырлар, яғни бірнеше халықаралық террорлық ұйымдардың қатарында жүріп, әлемнің түкпір-түкпірінде соғысып жүргендер. Негізінен Иракта, Сүрияда, Ливияда, Ауғанстанда соғысып жүргендер Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан азаматтары. Олар қазір халықаралық лаңкестік топтарда тиісті әскери дайындықтан өтіп, ТМД аумағына, атап айтқанда Солтүстік Квказ, Әзербайжан, Орталық Азия елдерінде терроризм отын тұтандыру үшін қайтып келуде.» - деді Андрей Новиков БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде өткен брифингта.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін ТМД лаңкестікке қарсы орталығы халықаралық іздеуде жүрген 1 мың жалдамалы содырдың қайда жасырынып жүргенін анықтап, 100 тұтқынға алған. 2016 жылы лаңкестік ұйымдар қатарында соғысып жүрген ТМД елдерінің 26 азамат қолға түсіп, лаңкестерге қаржы аударып жүрген 650 жеке счет бұғатталған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі