АҚШ-та Қытай тыңшысы деп айып тағылған Маллори атты дипломатқа Виджиния штаты федералдық соты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кеседі деп күтілген. Іске қатысты адамдардың айтуынша, мемлекет маңызды қорғаныс құпиялықтарын ашқаны үшін өлім жазасы кесілуі де мүмкін екен. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Қытай барлау ұйымына АҚШ-тың маңызды қорғаныс құпиялықтарын жеткізді деп айыпталған америкалық азаматтың есімі Кевин Маллори. 1987 жылдан 1990 жылға дейін АҚШ Сыртқы істер министрлігінде дипломаттық қызмет атқарған. Қытай тілін өте жеттік меңгерген. Оған тыңшылық айып тағылудың алдында әуежайда тіркелмеген 15 мың 500 АҚШ долларын алып жүргені туралы мәлімет бар.
Аталған штаттың федералдық сот төрешісі Жон Гиббестың сот ісі туралы берген мәліметінде Маллори Қытай барлау қызметкерлерінен 25 мың АҚШ долларын алған. Бұл оған құпия ақпаратты жеткізгені үшін берілген деген күмән бар. Жон Гиббес мәлімдемесінде Кевин Маллориға Құрама Штат заңы бойынша өлім жазасын да беруге болатынын айтты.