Германия астанасы Берлинде мұсылмандар шеруге шықты деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Маусымның 23 күні Берлин орталығындағы Жандарменмаркт алаңына жергілікті мұсылмандар экстримизмге қарсы шеруге шықты. Бастапқыда шеруге 1500 адам қатысады делінгенімен алаңға 100-ге жуық қана адам жиналған.
Бұған дейін Кельн қаласында 3 мың мұсылман терроризмге қарсылықтарын білдіріп ереуіл өткізген болатын.
Берлинде өткен шеруді "Германия мұсылмандар орталығының кеңесі", "ФРГ түріктері бірлестігі" және мысырлық белсенді Тарек Мұхаммед қолдаған.
Ал "Түрік-ислам діни бірлестігі" мен "ФРГ ислам бірлестігі" шеруге қатысудан бас тартқан. Германия конституциясын қорғау федералды бөлімі бұл ұйымдарды экстремистік ұйымдардың қатарына жатқызады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы