АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон, Қорғаныс министрі Жемис Мэттис және Қытай Сыртқы істер министрі Янь Жиечи мен Бас штаб төрағасы Фаң Фынхуй қатарлы АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымдылары дипломатиялық кеңес өткізді. Отырыста Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын және баллистикалық зымыран сынақтарын кеңейту ісін тежеуді басты тақырып етіп көтерді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің сайтында жазылған.

Кездесу отырысынан кейін АҚШ лауазымдылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Корей түбегі мәселесін өршітіп отырған ең негізгі қайшылық Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынақтары деп айыптады. Өңірдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау үшін Солтүстік Кореямен тығыз байланыста болған Қытайдың жауапкершілігінің күшті екені айтылды.

Рекс Тиллерсон сөзінде: «Аймақтағы дағдарысты шешу үшін Қытай Солтүстік Кореяға экономикалық және дипломатиялық қысым түсіруі керек», – деді. Ол КХДР-ның БҰҰ келісімдеріне қайшы баллистикалық зымыран сынақтарын жасап отырғанын қайталай айыптай кетті. Кезекті баспасөз конференциясында АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарлай баратынын да айтты.

“The Qazaq Times”