Қазақстан Сүрияға әскер жіберуге байланысты ешкіммен, ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
«Қазақстан Сүрияға әскер жіберуге байланысты ешкіммен, ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Біздің ел үшін әлемнің кез келген еліне өз әскерилерін жіберу үшін БҰҰ-ның тиісті қарары (резолюциясы) қажет. Қазақстан Сүрия дағдарысын шешуге байланысты Астанада осы мәселеге қатысы бар барлық тараптарға мінбер ұсынып отыр. Бұл Қазақстанның Сүрия дағдарысын шешуге қосқан үлесі. Ал Сүриядағы қауіпсіз аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шілденің 4-5 аралығында Астанада өтетін кезекті Сүрия келіссөзінде талқыланатын болады.» - деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге салайық кеше Ресей мемлекеттік думасының қауіпсіздік комитеті басшысы Владимир Шаманов «Ресей Қазақстан және Қырғызстанмен Сүрияға әскер жіберуге байланысты келіссөз жүргізіп жатыр» деп мәлімдеген болатын. Бұл қазақ қоғамында қызу талқыға түсіп, көпшілігі өздерінің қарсылықтарын білдірген еді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?