19 маусым сағат 00:00 Сауд Арабиясы, Бахрейн және БАӘ қатарлы үш елдің Катардағы азаматтарына елге оралу үшін берген уақыты аяқталды.
5 маусым күні Сауд Арабиясы бастаған елдер Катармен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, Катардағы өз азаматтарына 14 күн ішінде еліне оралуды талап етті. Сондай-ақ, үш елдегі Катар азаматтарынан да осы мерзім ішінде ел шекарасынан шығып кетуін талап еткен.
Әзірге дейін Катар мен Сауд Арабиясы бастаған елдердің қанша азаматы өз еліне оралғаны туралы анық мәлімет жоқ. Бұл шекті уақыт жарияланған кезде Катардың Адам құқықтары ұлттық комитеті берген мәліметінде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Бахрейн елдерінің 11 мың 387 азаматы бар екені айтылды. Ал, үш елде Катардың 1927 азаматы бар делінген.












                                                        





                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                    
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                    
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                    
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                    
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                    
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау