Швейцария прокуратурасы жемқорлыққа байланысты FIFA халықаралық футбол федерациясы үстінен қылмыстық іс қозғады.
Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда Швейцария прокуратурасы FIFA-ның бұрынғы басшысы Йозеф Блаттер үстінен, халықаралық футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы Жерома Вальке үстінен және 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің басшысы болған Франц Бекенбауэрдің үстінен қылмыстық іс қозғаған.
Бұдан бөлек прокуратура 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатын өткізуге байланысты сайлау кезінде жемқорлық фактілерінің бар, жоқтығын тексеріп жатыр.
Мамыр айының ортасында Швейцария полициясы АҚШ өтінішімен жемқорлыққа қатысы бар 14 бірдей FIFA атқамінерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын. Тергеу жұмыстарының барысында 20 жыл ішінде FIFA қызметкерлері 150 миллион пара алғандығы анықталған.
Нәтижесінде FIFA басшысы Йозеф Блаттердің орынбасары Жерома Вальке, УЕФА басшысы Мишель Платини және FIFA бас хатшысы Маркус Каттер отставкаға кеткен еді. Осыдан кейін FIFA өз ішінде 22 айға созылатын тексеру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді