Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өзінің веб-сайтында сол елдегі АҚШ азаматтарының лаңкестік шабуылға ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Мәлімдемеде көптен бері Тәжікстандағы террорлық топтар лаңкестік шабуыл жасамағанымен, тексеру нәтижесіне қарағанда алдағы алты айда олардың әрекет жасауы жиілеуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
АҚШ-тың Душанбе қаласында тұратын бас елшілігі сол елдегі АҚШ азаматтарына Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аймақтарға сапар шекпеуін ескертіп отыр. Сонымен бірге кештерде көпшілік көбірек жиналатын орындарға бармауын, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланбауын ескерткен.
Естеріңізде болса, өткен айда АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлама жариялап, өз азаматтарына Еуропаға саяхаттай барудың қауіпті екенін, жаз айларында Еуропада лаңкестік шабуылдардың жиі туылатындығын мәлімдеген болатын. Бұл ескертуден кейін шынымен де Еуропаның бірнеше қалаларында лаңкестік шабуылдар орын алған еді. Демек, алдағы алты айда Тәжікстанда да террорлық әрекеттердің тіркелуі бек мүмкін.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы