Сонымен шетелдерге жеткізілген тауарлардың 54%-ға жуығы металлургия өнімдері, 20%-дан астамы – химия өнеркәсібі, 13%-ға жуығы – отын және 7%-ы тамақ өнеркәсібі саласына жатады. Ең көп өсім металлургия саласы мен минералды өнімдерге тиесілі.
Мысалы Қытай және Ресей Қазақстанның шикізаттық емес экспортының басты нарығы, шамамен 40% үлесті құрап отыр, 2017 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша мұндағы экспорт 21% және 27% өскен. Біріккен араб әмірлігіне 32 мың тонна мыс өнімі экспортталған. Қазір екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ЕО елдеріне, яғни Батыс және Шығыс Еуропаға жеткізу 8%-ға өсіп келеді.
Өткен жылдан бастап Вьетнамға экспорт көлемі артып келеді және 2017 жылғы 4 ай қорытындысына сәйкес, мырыш және қорғасын экспорты 91 млн АҚШ долларына дейін 4 есе өскен.