Viessmann неміс компаниясы жылуды, тоңазытқыш және өндірістік жүйелерді өндіру және дамыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі «Үздік энергетикалық практика» павильонының стендінде өзінің озық технологияларын көрсету үшін энергетика саласының жетекші сарапшыларымен таңдалды. Компанияның энергетикалық секторда жүз жылдық тәжірибесі бола тұра Viessmann әрдайым инновациялық шешімдерді ұсынады және Экспо-2017 көрмесінде үш бірегей технологияны ұсынбақ: Ice Storage жүйесі (тиімді жылыту жүйесі және мұздың көмегімен салқындату), power-to-gas технологиясы (артық энергиямен мен табиғи газды түрлендірудің инновациялық әдісі) және жылу ұяшықтары (Fuel Cell) – орталық желілерге тәуелсіз электр және жылу энергиясын өндіру технологиясы).

Viessmann жаңартылатын энергия көздеріндегі энергияны үнемдеу және қазба отын көздерін ауыстыру қағидаттарын басшылыққа алады, сондықтан да компанияның жаңа технологиялары экологиялық үйлесімділікті ескере отырып әзірленді. Осылайша Ice Storage инновациялық жүйесі күн, ауа және жер жылуы сияқты үш жаңартылатын энергия көзін бір мезгілде пайдаланады. Елестетіп көріңіз: жазда жинақталған жылуды қыста пайдалану үшін сақтауға болады! Және керісінше, мұздың кристалдану энергиясын суық мезгілде қыздыруға болады. Арнайы мұз қоймасында ғимаратты жылыту және салқындату үшін энергияға түрленетін судың табиғи қатуы мен еруі процестері орын алып жатады. Бұл қоршаған орта үшін мүлдем зиянсыз, ол жаппай және ең бастысы – арзан ресурс ретіндегі кәдімгі су құбырының суы барынша тиімді қолданылады.

Viessmann стендінде көруге болатын тағы да бір жоғарғы экологиялық технология – power-to-gas. Технологияның мәні мынада: жаңартылатын энергия көздерінен алынатын артық электр энергиясы сутегін алуға, содан кейін метанды генерациялау үшін пайдаланылады. Осындай жолмен алынған газды одан әрі өңдемей-ақ қолданыстағы газ ортасында қолдануға, сондай-ақ үлкен көлемде және ұзақ уақыт бойы сақтауға болады.

“The Qazaq Times”