АҚШ прокурорлары азаматтық тілек-арыз жолдап, қытайлық бір компанияға 1,9 млн АҚШ доллары айып салу туралы шағым түсірді. Себебі, АҚШ прокурорларының айтуынша, бұл компания АҚШ жасаған қара тізімдіктегі Солтүстік Кореяға қатысты қаржыны жасырын жылыстатушы ең басты компания болып саналады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Прокурорлардың шағымы бойынша, Шыняң қаласына орналасқан Mingzheng International Trading Ltd. болса Солтүстік Кореяның Сыртқы сауда банкінің (Foreign Trade Bank) шетелдегі ең басты құпия филиалдарының бірі болып табылады. АҚШ 2013 жылы Солтүстік Корея Сыртқы сауда банкін санкциялардың қара тізімдігіне енгізген. Прокурорлардың шағымында көрсетілуінше, бұл құпия филиалдың басшысы бас компаниямен тығыз байланыстағы Қытай азаматы болып саналады. Журналист ретінде де компаниядан нақты мән-жайды сұрастырып білу мүмкін емес екенін де айтып отыр.
АҚШ прокурорларының дәлеліне негізделсек, «Mingzheng» Солтүстік Кореяның жасырын ақша аударушы құралдарын толық көрсетіп бере алады. Олар корреспондент-банктің шоты арқылы құрған бұл компаниялар арқылы санкциядан жалтаруды көздеген. Сондай-ақ, бұл компания 2015 жылдың қазан, қараша айларында 1,9 млн долларды Қытай банкі арқылы Солтүстік Кореяға аударған. Міне осыған байланысты осы заңсыз жылыстатылған қаржыны тәркілеу туралы шағымдарын жолдап отыр.