Құрама Штат үкіметі Солтүстік Кореяны түрлі қысымдарға алуда. Бүгін Солтүстік Кореядан Ресейге жеткізілетін өнімдерді тасымалдайтын кемелерді бұғаттау туралы шешімді шығарды. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Бұдан бөлек Қазына департаменті Бір күн бұрын ядролық бағдарламаларын жүзеге асыруға жетекшілік еткен екі ресми тұлғасының АҚШ-қа кіруін және АҚШ-та болуы мүмкін барлық активтеріне шектеу қойған еді. Осы жылдағы ауқымды зымыран сынақтары кезінде Ким Жоң Сик пен Ри Пиоңчол КХДР басшысы Ким Жоң Унның жанында көрінген.
Осы бір жылда Солтүстік Корея қуатты ядролық сынақпен қатар ауқымы құрлық аттап, Құрама Штат территориясын қамтыған зымыран сынақтарын өткізді. Әрі құрлықаралық баллистикалық зымыран сынақтарында көрнекті табыстарға жетті.
22 желтоқсан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяға бағытталған жаңа санкция бір ауыздан мақұлданған болатын. Солтүстік Корея жақ бұны «соғысқа шақыру» дабылы деп бағалаған еді. Онда Солтүстік Кореяға кіретін шикі және өңделген мұнай өнімдеріне шектеу қойған.