Солтүстік Корея оңтүстік бауырлас көршісімен диалогты түбегейлі тоқтататынын мәлімдеді. Сеул кеше Солтүстік Кореяны шығыс теңіз жағалауында тағы екі зымыран сынағын жасағанын мәлімдеген болатын. Солтүстік Кореяның ашулы мәлімдемесі Сеулдің аталмыш мәліметінен кейін жасалған.
Оңтүстік Кореяның телеарналары кеше Солтүстік Кореяның зымыран сынағы туралы хабарларды таратқан болатын. Бұнымен қатар Пиоңяң (Пхеньян) тарабы Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайинді сынның астына алды. Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынағы АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына берген жауабы деп болжанған еді.
Бұдан бұрын Оңтүстік Кореяның президенті 2045 жылға дейін екі Кореяны біріктіру туралы мәлімдеме жасаған еді. Соңғы бір жарым жыл ішінде екі ел арасында диалог қайта жанданып, тараптардың лидерлері бірнеше мәрте кездескен және кездесулерді жылы лебіздермен өткізіп еді. АҚШ, Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея арасындағы диалогтың жандануына байланысты әлем жұртшылығы Корей түбегі мәселесінің шешімі жақын қалды деп күткен еді.
Алайда, соңғы оқиғалар бұл үмітті тағы да алыстатып жіберді. Солтүстік Корея кешегі мәлімдемесінде: "Екі ел арасында сөйлесетін сөз қалған жоқ. Сеулмен қайталай диалогқа келе алмаймыз", – деді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті