Сағынтаев: «2021 жылға қарай экономикалық өсім 5,5%-ға жету керек»

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев дағдарыстан кейін Қазақстан экономикасының жекелеген секторларында өсім байқала бастағанын айтты. Енді 2021 жылға қарай мемлекеттің экономикалық өсімі 5,5%-ға жетуі керек.

"Біз кезең-кезеңімен 2021 жылға дейін экономикалық өсім қарқынын  5,5% көлеміне жеткізуіміз керек", – деді премьер-министр Астана экономикалық форумы аясында сөйлген сөзінде.

Оның сөзінше, Қазақстан мұнай бағасына бейімделе отырып, экономика секторын қалпына келтіруді бастайды.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты болжамын жариялаған. Сонымен банктің шығарған нәтижесіне сенсек, 2018 жылы еліміздің Жалпі ішкі өнімінің көлемі 3,5%-ды құрамақ. Ал, осы жылға арналған болжам -2,4%.

Ал ҚР Ұлттық экономика министрі 16 мамырда Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында осы жылғы экономикалық өсімді 2,5%-ға жеткізу туралы тапсырма алғанын, ал кешегі отырыста Қазақстанның ЖІӨ-інің өсімі қаңтар-мамырда 4,1%-ды құрағанын мәлімдеді.

"The Qazaq Times"

Ұқсас жазбалар