ҚР Үкіметі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алу бойынша алғашқы жарна мөлшерін төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, 30% деңгейіндегі жарна мөлшері кредит төлеу кезінде азаматтарға қиындық тумас үшін тиімді.

«Үкімет "Нұрлы жер" бағдарламасын жасаған кезде бұл мәселені барынша қарады. Мысалы бұрын "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" кредит алған кезде алғашқы жарна мөлшері 50% болған. Ал кейін "Бәйтерек" холдингімен болған талқылаулардан кейін мөлшері 30%-ға дейін түсті», - деді Қасымбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде азаматтар тарапынан "жарна 15%-ға түсем ме?" деген сұрақтар келіп жатқан көрінеді.

«15% жасауға болады, алайда мұндай жағдайда ай сайынғы төлем мөлшері жоғарылап кетеді және ТҮҚЖБ салымшылары бұл ауыртпалықты көтере алмауы мүмкін. Сондықтан біз 30%-ға тоқтадық. Бұл дұрыс, объективті цифр деп ойлаймыз. Қазақстандағы орташа жалақыны есепке алсақ, қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу. Дегенмен экономистердің пікіріне сенсек, мемлекет жалпы ішкі өнімге арқа сүйеп, тұрғын үй нарығына барынша араласып отыр. Ал бұл шын мәнінде сәтсіз қадам.

“The Qazaq Times”