Қырғыз елінің Президенті Алмазбек Атамбаев "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің ашылу кезінде Қазақстанды қызығып қалғанын мойындады, деп хабарлайды Sputnik. Президент айтып өткендей ол құны 3 млрд долларды құраған көрме кешенінің ашылуында болған.
"Егер мен ЭКСПО үшін осынша қаржы жұмсасам мені өртеп жіберер еді. Бізде жол құрылысы үшін 1 млрд доллар қарыз аласың, соның өзінде біраз қиындық болады. Мысалы біз 30 млн долларға Әлемдік көшпенділер ойынын өткіздік. Соған әлі күнге бұлданатындар бар. Ал Қазақстанда ЭКСПО-ға басқаша қарайды. Бұл жерде адамдар билікті қолдайды. Шынымды айтайын, қызығып отырмын", - дейді Атамбаев.
Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі 10 маусымда жұмысын бастады. Ал бір күн бұрын 20 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшыларының қатысуымен салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылуына Алмазбек Атамбаев та қатысты.
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжановтың болжауынша, ЭКСПО-ның құны шамамен 400 млрд теңгені құрайды. Ал Forbes басылымының мәліметінше, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жалпы шығыны 3 млрд доллар. Бұл қазіргі доллар бағамымен - шамамен 950 млрд теңге. Қарап тұрсаңыз Есімовтың болжамы Forbes ұсынған мәліметке қарағанда аз.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды