Алдағы аптада, яғни 15 маусым күні Бельгияның Брюссель қаласында Еуропадағы демократия тағаны семинар-отырысын өткізіп, ондағы талқы тақырыбының біріне Орталық Азиядағы радикализм мәселесін қарастырмақ. Себебі, соңғы кездері туылған Санкт-Петербург, Стамбул, Стокгольм қалаларында болған жарылыстарда Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарының болғаны белгілі. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.
Орталық Азиядан ДАИШ террорлық ұйымы және онымен байланыстағы әл-Каида ұйымдарына кірген адамдардың санының қанша екені анық емес. Бірақ олардың санының қанша болуы маңызды емес. Маңыздысы – осы ұйымдардың ықпалында Орта Азия болашақта террорлық шабуылдардың және экстремизм мен радикал топтардың мекеніне айналып кетпеуі.
Орта Азия елдері азаматтарының террорлық топтарға кіруінің үлкен бір себебі Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатарлы елдердегі жаппай көші-қонды тудырып отырған кедейшілік пен жұмыссыздық болып отыр. Жұмыссыздық пен әлеуметтік тапшылықтан қиналған Орта Азиялық елдерінің жастарын экстремистік топтар оңай қатарына тартып кетуде.
Мамыр айының бас шенінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресейдегі орыс ұлтшылдарын қолдаған саясаткерлерді айыптады. Ол сөзінде Ресейдегі әсіре ұлтшылдардың мигранттарға жасаған қысымы, мигранттардың террористерді жақтап кетуіне қозғаушы болуда деді.
Ал, Батыс сарапшылары Орта Азия елдеріндегі биліктің адам құқықтарын шектеп, репрессиялық саясат қолдануы да халықтың билікке деген ашынышын тудырып, экстремистік топтардың халықты өзіне тартуына орай беріп отыр деп қарайды. Сонымен бірге Кеңес үкіметі кезінде күшпен басылған Ислам дінінің қайта өркен жаюы да өңірдегі діни экстремистік топтардың көбеюіне мұрындық болды.
Жоғарыда аталған 15 маусым Брюссель отырысы осы мәселелерге жауап іздеп көрмек. Сондай-ақ Еуропа Одағының алдағы уақыттар да Орта Азияға қаратқан стратегиялық саясатына жөн сілтемек. Еуропа және Орталық Азия мониторинг бағдарламасы (CESS), Еуропалық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу орталығы (EUCAM) және Джордж Вашингтон университеті және Б.А. бағдарламасы (CAP), демократия үшін Еуропалық қоры (EED) қатарлы тараптар ортақ пікірлеспек.