2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама өзінің президентік мерзімін аяқтап,  Ақүйдегі орнын Дональд Трампқа тапсырды. Алайда бір қызығы сол Обама соңғы жүз жыл ішінде Вашингтонда өмір сүруге қалған бірінші Президент екен. Ендеше Обама Ақүйден кеткен соң қандай үйге барды, оған дейінгі Президенттер қайда, қандай үйде тұрған? Анықтап көрейік.

Барак Обама

Барак Обама Президент резиденциясынан кейін отбасымен Вашингтондағы осы үйге келді

Барак Обама Ақүйден кеткеннен кейін Вашингтонның Калорама ауданынан құны 6,3 млн доллар тұратын зәуләм үйді сатып алды. Обаманың Чикагода да үйі бар. Алайда олар кіші қыздары Саша мектеп бітіргенше осы үйде тұрады.

Бұл үй 1998-2000 жылдары Билл Клинтонның кезінде Ақүйдің баспасөз қызметшісі болған  Джо Лок­хар­тқа тиесілі болған.

Кіші Джордж Буш

Кіші Джордж Буштың Далластағы үйі, Техас штаты.

Кіші Джордж Буш 2009 жылы президенттіктен кеткеннен соң өзінің отаны Техас штатына қайта келді. Ол әйелі Лорамен Дал­ла­са Пре­стон-Хол­лоу ауданынының Да­риа-плейс көшесінде орналасқан үйде тұрады.

Буш бұл зәулім үйді 2008 жылы сатып алған және New York Times ұсынған мәліметке сүйенсек, Джордждың кабинетінің барлық жерінде өзінің Президент болған кездегі суреттері ілініп тұрады.

Билл Клинтон

Билл Клинтонның үйінің үстінен түсірілген сурет.

Голландтық стилде салынған Билл Клинтон мен Хиллари Клинтонның 11 бөлмелі зәулім үйі Нью-Йорк штаты, Чап­па­к­ва қаласында орналасқан. Олар бұл үйді 1999 жылы 1,7 млн долларға сатып алады.

Сондай-ақ, Клинтондар әулеті біраз уақыт бұрын көрші тұрған үйді де сатып алған. Себебі қыздары Челси отбасымен ата-анасын көруге келген кезде осы үйге тоқтайды. Бұдан бөлек Билл мен Хилларидың Вашингтонда және Арканзас штатында үйлері бар.

Ро­нальд Рей­ган

Ро­нальд Рей­ганның Бель-Эйрдағы үйі

1981-1989 жылдары Президент болған Ро­нальд Рей­ган Ақүйден кеткен соң қайтыс болғанға дейін әйелі Нэнсимен Лос-Ан­дже­ле­стегі Бель-Эйр ауданында тұрған. Бірыңғай танымал адамдар тұратын бұл ауданда Рейган әулеті кантри стиліндегі жалпы аумағы 670 шаршы метрді құрайтын үйде өмір сүрген.

Бұл үйді 1986 жылы Рейганға достары алып береді. Ал осыдан бір жыл бұрын зәулім үйді америкалық бизнесмендердің бірі 15 млн долларға сатып алған.

Ричард Ник­сон

"Батыстағы ақүй" атанған Ричард Никсонның үйі

Ричард Ник­сон АҚШ тарихында пезиденттік қызметті толық аяқтамай отставкаға кетуге мәжбүр болған жалғыз празидент. Дегенмен ол Ақүйден кеткен соң қайда баратынын білетін еді. Ол 1969 жылы Калифорнияның Ориндж аумағындағы La Casa Pacifica үйін сатып алған. Кейіреулер бұл жерді "Батыстағы ақүй" деп атайды екен.

“The Qazaq Times”