Алматыда ENERGY YOUTH Халықаралық би фестивалі аяқталды. "Mega park" СОО-на 3000-нан аса көрермен Қазақстан мен шетелден келген бишілердің билерін тамашалады. Стрит-бишілер 300 000 теңге сыйлық қоры үшін таласқа түсті.
Мерекелік іс-шараның xедлайнері, Франциядан келген қонақ Мадоннаның xореографы, әлемдік деңгейдегі үздік xип-xоп биші Diablo және қазақ би интелегенциясының өкілдері Асхат Төлегенов, Борис Мен, b-boy Чингисхан және Евгений Пан 150 адамның ішінен үздіктерді таңдады.
Фестивальге Қазақстанның түрлі қалаларынан , Өзбекстан, Қырғызстан, сонымен қатар Англия секілді елдерден келген бишілер жиналды.
Лондонның атынан шыққан фестиваль қатысушысы, биші Кofi Mingo: "Осы жерде өзін көрсеткісі келетін бишілер өте көп және бұл өте керемет. Бұл фестивальді ұйымдастырушылардың арқасында біз түрлі би жанрындағы бишілер арасындағы байланысты сезіндік", - деп өз бағасын берді.
Олимпиадалық жүйе арқылы әрбір Hip-hop Kids, Hip-hop Beginners, Hip-hop Professionals және All Styles номинацияларында 8 үздік биші таңдалды. Әрбір адам қатысып, кездейсоқ әуенге би билеген All Styles санаты ең көп қатысушы жинаған номинация атанды. Фестивальдің ең жас қатысушысы 5 жасар дарынды Валерия Горегляд болды.
Франциядан келген қонағымыз Diablo біздің бишілеріміздің деңгейінің жақсы екенін атап кетті. Ол Қазақстанда болғанына және биге деген өз көзқарасын көрсеткенге қуанышты. Кештің соңында шақырылған төрешілер бишілерді ғана емес, көрермендерді де таң қалдырған перфоманс көрсетті.