Катардың «әл-Жазира» ақпараттық агенттінің кешегі хабарына, хакерлер веб-сайттарына және сандық платформаларына кибер шабуыл жасауға тырысқанын мәлімдеді. Бұл желілік шабуылдар бірнеше күн бұрынғы Парсы шығанағы елдерінің Катармен дипломатиялық қатынасын үзген уақыттан басталған.
Катардағы аталған телеарна бұл кибер шабуыл артында кімдердің тұрғанын ашық айтпады. Дегенмен де Катар дағдарысы тудырған елдердің осы шабуылға тікелей қатысы бар екені анық.
«әл-Жазира» арнасының ресми сайтында кибер шабуылдың жиілігі артып келе жатқандығы айтылған. Шабуылдың агенттіктің нақты қандай нысандарына қаратыла жүргізілгені анық айтылмаған.
Бірақ түбектегі айтулы әлемдік агенттік бұдан қатты бір алаңдап отырған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Сауд Арабия бастаған, Мысыр, Бахрейн, БАӘ қатарлы араб елдері Катармен болған дипломатиялық байланысын үзіп, Катарға дипломатиялық дағдарыс орнатқан болатын. Бұл істің бір ұшы Жер шарының арғы бетіндегі Құрама Штаттың Таяу-Шығысқа қаратқан саясатына барып тіреледі.