S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Катардың ұзақмерзімді егемендік рейтингін "АА" деңгейінен "-AA" деңгейіне түсірді. Рейтинг алдағы уақытта тағы төмендеуі мүмкін деген болжамен қайта қарау тізіміне енген.

Рейтингтің төмендеуінің бірден бір себебі - Египет, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб әмірлігі,  Йеменнің шығыс бөлігі, Мальдива мен Маврикий елдерінің Катармен дипломатиялық қатынасты үзуі. Себебі аталған мемлекеттер Катарды "террористік ұйымдарды қолдап, Таяу шығыстағы жағдайдың тұрақсыз болуына ықпал етті" деп кінәлады.

"Біз дипломатиялық қарым қатынастың үзілуі Катардың сыртқы позициясына кері әсер етеді деп ойлаймыз және бұл елдің экономикалық өсімі мен фискалды көрсеткішіне қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан біз Катардың ұзақ мерзімді рейтингін "-АА" деңгейіне түсірдік және рейтингті қайта қарау тізімінде тұр", - делінген агенттік хабарламасында.

Рейтингтіңң қайта қарау тізіміне енуі оның алдағы уақытта тағы түсуі мүмкін екенін білдіреді. Сонымен агенттік елдің ішкі саяси тәуекелдері артып, мемлекеттік қарыз деңгейі көбейетін болса рейтингті тағы төмендетуі мүмкін.

S&P мәліметінше, Катардың ипморт және экспорт нарығында біраз қиындықтар туындайды. Мысалы 2016 жылы дипломоматиялық қатынасты үзген елдердегі Катардың экспорт үлесі 10% болаған. Ал сол елдердің Катардағы импорты 15% болған екен. "Осы факторларды есепке алар болсақ, онда Катардың экономикалық өсімі бәсеңдейді", - дейді агенттік.

S&P болжамынша, Катардың ЖІӨ өсімі біртіндеп бәсеңдейді: 2017 жылы - 3,4%, 2018 жылы - 3,3%, 2019-2020 жылы - 3% болуы мүмкін. Инфляция осы жылы 3,6%, 2018 жылы- 3,8%, 2019-2020 жылдары - 3,7% деңгейінде болады деп күтілуде.

Ал бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді? Қазақстан Катармен де жоғарыда аты аталған таяу шығыс ердерімен де ынтымақтастық қарым-қатынаста. Енді дипломатиялық қатынас үзілген соң Қазақстан ешкімді ренжітіп алмай, бір емес бірнеше елдің көңілін табуына тура келеді.

“The Qazaq Times”