Трамп өткен айда Қорғаныс министріне ұсынған, ешкімнің сөзіне құлақ аспайтын, бірбеткейлігімен аты шыққан Жеймс Маттис күйрегелі тұрған «Theranos Inc» компаниясының бас алқалар кеңесіндегі орнынан бас тартты. Алайда «General Dynamics» компаниясының директорлар кеңесіндегі орнын әлі де жалғасытратын болды. Бұл оның өзі құрған, алайда өсек-аяңы көп, дауы басынан асатын кәсіпорыннан бас тартып, өзінің жаңа бет-бейнеде қызыметке кірісетінін айғақтайды. Бұл туралы "The Wall Street Journal" хабарлады.
Айта кету керек, кезінде Трамптың осындай ешкіммен тіл табыса бермейтін, мінезі тік адамды Қорғаныс министрі етіп талдауы да үлкен талқының түйіні болған еді. Бұл жолғы Жеймс Маттистың өзі құрған компаниядан бас тартып, мемлекет ісіне белсенуі Трамптың атса оғы, шапса қылышы болам дегенмен бірдей.
Құнды қағаздарды бақылап-басқару орталығының мәліметінше, Жеймс Маттис GD (General Dynamics) компаниясындағы қызыметін жалғастыруда. Ондағы себебі, аталған компанияның мемлекет қорғаныс органдарымен жасаған жұмыстарының салмағында болса керек. Бұл компания үлкен типтегі мемлекет қорғанысын үстіне алған сауда компаниясы болып, бір ғана, 2015 жылдың өзінде GD (General Dynamics) компаниясы АҚШ Қорғаныс министрлігімен 147 млрд. долларлық сауда жасасқан.
"The Qazaq Times"