АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы ресми баспасөз конференциясын 11 қаңтарда Нью-Йоркте өткізетінін хабарлады. Бұл жөнінде ол Twitter-ге жазды.
Трамп конференцияда президент қызметін атқара жүріп әрі ірі бизнесмен бола отырып мүдделер қақтығысынан қалай құтылмақ екенін айтуы ықтимал.
Бұған дейін Трамп БАҚ-пен және азаматтармен Twitter-де қысқа хат-хабар алмасу, сирек сұхбаттар беру, жақтастарының жиынында сөйлеу арқылы байланыс орнатуды қалайтынны білдірген.
Трамп 3 қаңтарда өткізуді жоспарлаған 2016 жылғы сайлау кезінде Ресейдің хакерлік шабуылы мәселесіне қатысты брифингін арнайы қызметтен бұл тақырып жөнінде қажетті материал алмағанын айтып, 6 қаңтарға ысырған.
centralasian.org