Қазақстанға шетелден аударылатын ақша аударымдары артып жатыр. Мысалы осы жылдың қаңтар-наурыз айында транзакция саны 311,6 мыңды құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 19,8%-ға немесе 51,6 мыңға артық, деп мәлімет келтіреді Ranking.kz.
Алғашқы төрт айда Қазақстанға аударылған ақша аударымдары 56,2 млрд теңгені құраған және бұл өткен жылға қарағанда 26,9%-ға немесе 11,9 млрд теңгеге артық. Осылайша, бір транзакция үшін аударылған қаржының орташа сомасы 5,9%-ға өсіп, 180,5 мың теңге болған.
Сондай-ақ, шетелден Қазақстанға Золотая корона және Western Union жүйесі арқылы жиі ақша аударылған. Нарықтағы үлесі 65,9%-ды құрайды.
Золотая корона жүйесі арқылы аударылған аударымдар 24,6 млрд теңгені құрады және бір жыл ішінде 24,7%-ға немесе 4,9 млрд теңгеге артқан.
Ал Western Union жүйесіндегі аударымдар үлесі 12,5 млрд теңге және өткен жылмен салыстырғанда 27,6% немесе 2,7 млрд теңгеге жоғары.
Жалпы осы жылдың наурызында шетелден Қазақстанға 21,5 млрд теңге аударылған. Ақпан айымен салыстырғанда көрсеткіш 19,6%-ға немесе 3,5 млрд теңгеге жоғары. Транзакция саны бір айда 20,1%-ға немесе (19,9 мың ), 118,7 мыңға дейін артты.












                                                        





                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                    
                                        Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
                                    
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                    
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                    
                                        Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды