Германияның Гамбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатында Қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко кездесуі мүмкін деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Қазіргі таңда Василий Левит Астанада президент кубогі аясында өзінің бірінші кездесуін Оңтүстік Кореялық Инку Киммен өткізіп айқын басымдықпен жеңіске жеткен.
Василий Левиттің айтуынша «Мен қазір кез келген кездесуге дайынмын. Ал ресейлік Евгений Тищенкоға келетін болсақ ол бірінші европа чемпионатындағы іріктеуден өтіп алсын. Содан кейін барып кездесу, кездеспеу жайында әңгіме қозғауға болады.» деді.
Василий Левит Рио-де-Жанейро да өткен олипиада ойындарында финалда төрешілердің шешімімен ресейлік Евгений Тищенкодан ұтылып қалған болатын. Алайды төрешілердің бұл шешіміне көрермендер өз наразылықтарын білдіріп, Левиттің айқын басымдықпен жеңіске жеткендігін айтқан еді.
Ал Қазақстан билігі Левит күміс медаль алсада, алтын алғандарға беретін 250 мың доллар көлемінде сыйақы берген болатын.