2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 3,3%-ды құрады. Жалпы баға азық-түлік тауарларына 4,3%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге – 2,7%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы  жылдың басынан бері баға картопқа 53,9%-ға, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,3%, қой етіне – 10,1%, сиір етіне – 8,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,1%, сары майға – 5,9%, консервіленген сүтке – 5,3%, жылқы етіне – 4,2%, кондитерлік өнімдерге – 4%, мәйекті ірімшікке – 3,7%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 43,1%, жұмыртқаға –20%, қызанаққа – 10,2%, қарақұмық жармасына – 9,6%, қантқа – 6,8%, күнбағыс майына – 5,4%-ға көтерілген.

Баға өсімі автомобильдерге 4,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4%, тоқыма бұйымдарына – 3%, фармацевтикалық өнімдерге – 2,6%-ға, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға – 2,1%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 5,8%, бензин – 5,5%, дизель отыны – 4,5%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,2%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,7%, ішкі қалааралық – 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен – 3,1%, әуе көлігімен – 1,7%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 7,3%, ыстық суға – 6,9%, кәрізге – 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, электр энергиясына – 3,1%, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.

“The Qazaq Times”