Германия футболшысы Тәжікстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуі мүмкін деп хабарлайды Avesta.Tj ақпарат көзі.
2005 жылы Германия (U-20 жастар) құрамасының сапында әлем чемпионатында ойнаған Тәжікстан тумасы Александр Хубер, биыл алғаш рет Тәжікстан ұлттық құрамасына шақырту алды.
32 жасар қорғаушы бұған дейін Германияның «Айнтрахт Франкфурт», «Хоффенхайме», «Гамбург», «Киккерс» клубтарында ойнаған.
Тәжікстан футбол федерациясының мәліметінше Александр Хубер, маусымның 13 күні «Азия-2019 кубогіне» іріктеу ойындары аясында Филиппин құрамасына қарсы өтетін ойында алғаш рет Тәжікстан ұлттық құрамасының сапында алаңға шығуы мүмкін.