Америка Құрама Штатының жергілікті уақытымен 31 мамыр күні NASA 2018 жылы Күнді жақыннан зерттей алатын барлау кемесін ұшыратынын мәлімдеді. Олар бұл барлау кемесі арқылы Күн бетінен 6 миллион 500 мың шақырым қашықтықтағы атмосфера қабатына жетіп, Күннің қозғалысын бақылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Xinhuanet" сайты хабарлап отыр.
Бұл NASA -ның тұңғыш реткі адам алып ұшатын кеме арқылы Күнге жақындауы саналмақ. Сондай-ақ, жер бетіндегі адамдарға әрі таныс, әрі бейтаныс осы алып от шарға адамзат баласының алғаш рет ең қысқа аралықта жақындауы саналады.
Бұдан бұрын ғарышкерлер жерден алыстағаннан кейін, аспаннан адам нанғысыз дауыстар, ескертулер естігенін жасыра алмаған. Тіпті, Ай шарына шыққан «Аполлон 16» аспаннан азан дауысын естіп, кейін Мысырдағы сапарында мешіттен намазға жығылғаны жөнінде де түрлі ақпарат көздері айтқан еді. Адамзаттың бағындырмайтын шыңы жоқ деп санайтын АҚШ ғалымдары күллі әлемнің тіршілік нұры іспетті Күннен қандай үрейлі ақпараттар ала келетінін келер жылы білетін боламыз.
Әділет Ахыметұлы


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті