АҚШ президенті Израильге жасаған сапарынан кейін Американың Тель-Авивтегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру ісін іске асыратын болған. Алайда бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде елшілікті көшіру ісі кейінге қалдырылған. «Түрік Теле-Радио» қызметінің хабарлауынша соңғы кезде Трамп бұл ойынан айнып қалған. Ол Израильдегі елшіліктің көшірілуін сайлау кезінде де уәде еткен, алайда, кешіктіріп орындау құжатына қол қойған.
Тель-Авивтегі АҚШ елшілігі өте бір кілтеңді түйін болып саналады. Егер АҚШ өз елшілігін Иерусалимге көшірер болса, онда таласты қала Иерусалимді Израильдің орталық қаласы деп мойындаған болып есептеледі. Бұл бүкіл әлем назар салып отырған Палестина азаттығын қолдамаған болып табылады. Сондықтан бұл мәселе АҚШ-тың сыртқы саясатындағы аса жіңішкелікпен шешім қабылдауды талап ететін мәселе.
Трамптың шешіміне разылық білдіргенімен, Израиль көңілсіз күйде қалды. Палестина жақ бұл шешімді АҚШ-тың бейбітшілік пен сенімділікке деген ынтасы ретінде бағалап алқады. Ал, Израиль премьер-министірі сөзінде: «Израиль тарабы елшіліктің көшірілмейтін болғанына көңіл құлазулы. Алайда, президент Трамптың елшілікті көшіру тәуекелі мен елімізге деген достығына дән ризамыз», – деді. Себебі, Трамп мәлімдемесінде: «Бұл елшілікті мүлде көшірмейміз дегендік емес, тек 6 айға кешіктіріп орындаймыз», – деген еді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?