АҚШ Ирак жеріндегі әскери күштерін шығарып кету бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан тұста, сол елдегі қарулы күштері мен әскери базаларына, тіпті елшіліктеріне бағытталған шабуыл қаупі арта түсті. Бір күн бұрын Ирак ақпарат құралдары АҚШ елшілігіне екі рет зымыран шабуылы жасалғанын хабарлады.
Бағдаттағы қорғауға алынған «жасыл аймақта» орналасқанына қарамастан АҚШ елшілігі екі реткі зымыран шабуылына тап болған. Бұл туралы ақпараттарда АҚШ тарабынан шығындар мен адам өлімі туралы анық мәлімет жоқ. Дегенмен, елшілік маңындағы көліктерге зақым келгені туралы айтылады.
Шабуылға байланысты АҚШ пен Ирак үкіметі ешқандай ресми мәлімдеме таратқан жоқ.
АҚШ әскери күштері Ирак жерінде Иранның жоғары дәрежелі әскери жетекшісі, генерал Қасым Сүлеймениді (Касим Сулаймани) және Ирактағы шиіт топтарының маңызды жетекшісін өлтіргеннен кейін АҚШ иелігіндегі нысандар шабуыл нысанасына айналды. Кезекті шабуылды ешбір қарулы топ өз мойнына алмағанымен, Иран қолдауындағы шиіт қарулы топтары жасаған болуы мүмкін деген болжамдар айтылады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр