2 маусым күні мұнайдың бағасы осыдан үш апта бұрынғы деңгейге дейін құлдырады. Қара алтын құнының бұлай құлдырауы АҚШ-тағы мұнай көлемінің артуы және президент Дональд Трамптың Париж келісімінен бас таруымен түсінідіріліп отыр. Мұндай ақпаратты Dow Jones агенттігі хабарлады.
Сонымен әлемдегі ең өтімді Brent маркасы ICE Futures Europe-та 2,88%-ға төмендеп, баррелі 49,17 долларды құрады. Ал WTI мұнайына жасалған келісім 2,83%-ға азайып, 46,99 доллардан сатылып жатыр, деп хабарлайды ПРАЙМ.
Бір апта бұрын қара алтын бағасы АҚШ-та сақтаулы мұнай көлемінің азаюына байланысты біраз көтерілген еді. Алайда 25 мамырдағы ОПЕК жиналысынан кейін АҚШ азайған мұнайды қайта толтырып үлгерді.
"АҚШ-тағы мұнай көлемінің артуы нарықтағы ұсынысты арттырып жіберді. Сондықтан жұма күні баға 50 доллардан да арзандап кетті. Бұдан бөлек осы елдің Президенті Дональд Трамптың климат жөніндегі Париж келісімінен шығуы да ықпал еткенін есепке алу керек", - дейді Global Risk Management менеджері Майкл Поулсен.
Айта кетейік, осы аптада Brent маркасының бағасы 5%-ға дейін төмендеген. Ал инвесторлар ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін қысқарту үшін басқа әрекет танытпағанына таңданып отыр. "ОПЕК ұсынысына қатысты қауіп бұрынғыдай қала береді", - дейді Commonwealth Bank of Australia сарапшысы Вивек Дхар.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын ОПЕК пен оған мүше емес елдер мұнай көлемін қысқарту мерзімін ұзартуға келіскен болатын. Дегенмен көріп отырғанымыздай бұл келісім бағаны реттеуге еш әсеп ете қоймайтын сияқты.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?