2017 жылдың сәуір айында Еуроазиялық экономикалық одақ елдерінің халықты жұмыспен қамту қызметінің есебіне 1,1 млн адам жұмыссыз ретінде тіркелген.  

2016 жылмен салыстырғанда Арменияда жұмыс іздеушілердің саны 1,2%-ға, Беларусьте - 26,1%-ға, Ресейде - 16,7%-ға кемісе, Қазақстанда керісінше, 10,0%-ға, Қырғызстанда 2,6%ға ұлғайған.

Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2016 жылдың 4 тоқсанында  экономикалық белсенді халықтың 5,6%-ын құраған. Ал жеке елдерге жіктер болсақ,  Арменияда жұмыссыздар - 17,4% (өткен жылдың соңында), Қазақстанда -  5,0% (2017 жыл, 1 тоқсан), Қырғызстанда - 7,6%, (2015 жыл), Ресейде – 5,6% (2017 жыл, 1 тоқсан) болған.

Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстанда жұмыссаздар саны 5,0% болған. Оның ішінде қалада жұмыссыз жүргендері 5,2% немесе 259,4 мың адам, ал ауылдағы жұмыссыздардың үлесі 4,9%-ды құраған. Осылайша республикадағы жұмыссыздардың жалпы саны 441,8 мың адамға жеткен. Оның 239,1 мыңы әйелдер.

Бұл 2016 жылдың 12 айындағы көрсеткіш. Ал биылғы жылдың 4 айының өзінде -ақ жұмыссыздар саны 10%-ға жетсе жағдайдың қиын болғаны.

“The Qazaq Times”