«Әлем әңгімесінің» құпиясын ашушы, әйгілі Эдвард Сноуден жақында Мәскеуде сұхбат беріп: "АҚШ Мемлекеттік қауіпсіздік мекемесінің (NSA) Жапонияны аса құпия ақпараттарды меңгеретін жүйемен қамдағанын, осы арқылы жапон үкіметі көп сандағы электронды почталармен адамдардың сөйлесуін анық бақылай алатынын растады", - деп жазады Қытайдың “News.Xinhuanet” сайты. Сондай-ақ, Эдвард бұл жүйе тек Жапонияның ел ішіндегі емес, дүние жүзіндегі әрқандай адамдар арасында айтылған сөз-сөйлемдерді де естелікке ала алатынын, жүйенің аты “XKEYSCORE” екенін мәлімдеді.
Эдвард Сноуден: «Қазіргі кезде Жапония парламент сенаты қарап жатқан «Сыбайластық қылмыс» атты заңының «Ұйымдық қылмыс және оның жазасына» енгізілген өзгерістер арқылы, аса кең көлемде адамдардың жекелік ақпараттарын жинап жатыр», – дегенді айтты.
АҚШ-тың ғаламтор медиасы “Intercept4” биыл сәуірде «2013 – Жылы 8 сәуір күні Сноуден ашқан бір құпия құжат» атты хабар-материалды таратқан еді. Бұл да “XKEYSCORE” жүйесінің Жапонияға берілуі жайлы болатын.
Жақында ғана, 29 мамырда, Жапония парламенттінің жалпы мәжілісінде Жапон премьері Шиндзо Абе бұл құжаттың қайдан келгені белгісіз екенін айтып, жалғасты талқылауға салғысы келмеген. Ал, Сноуден сөзінде: «Бұл шын құжат. АҚШ үкіметінің өзі растап отыр. Ал, жапон үкіметі ғана мойындағысы келмейді, бұл ақымақтық дегенді айтады. Оның қарауынша, Жапонияның бұл әрекеті төңіректі кең көлемде бақылау жоспарының бастапқы қадамы деуге болады. Бұған дейін, бұл елде осындай құпия жүйе арқылы бақылау ісі болмаған. Алайда, келешекте бұлай бақылау Жапонияда жалпыласады екен.
2013 жылы қарашада, әлемге жалпы саны 200 мыңға дейінгі құпия құжатты жария еткен әйгілі құпия шашқыш Сноуденге АҚШ үкіметі заңдық жақтан айыптау жариялаған. Алайда, ел білмейтін ерекше жүйелердің қыр-сырын білетін осы әйгілі жас жігіт Мәскеу жағынан қорғауға алынған. Күні бүгінге дейін әлемнің әр еліндегі толғақты түйіндер төңірегіндегі жасырын әңгімелердің бет-пердесін ашумен келеді.