АТФБанк жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - Бағдарлама) өтініштер қабылдауды бастады. Мемлекеттік субсидиялау негізінде қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 10% құрайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бағдарлама шарттарына сәйкес кредит сомасы Астана және Алматыда 20 млн теңгені, ал республикамыздың басқа қалаларында 15 млн теңгені құрайды. Кредит берілетін ең ұзақ мерзім – 15 жыл, бұл ретте мемлекеттің мөлшерлемені субсидиялау кезеңі 10 жыл. Ең төменгі бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 30%-ы", - делінген хабарламада.

Банктің мәліметінше, маусым айынан бастап жаңа тұрғын үйді төмен пайызбен сатып алу үшін анктің кез келген бөлімшесінен кредит ресімдеуге болады. Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша Банктің 17 филиалы жұмыс істейді, олардың құрамында 70 астам бөлімше бар.

Кредит беру шарттары туралы толығырақ ақпаратты Байланыс орталығы мамандарынан 2424 нөміріне (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу арқылы білуге болады.

“The Qazaq Times”