Оңтүстік Корея мен Қытайдың «Yonhap» пен «Xinhua» ақпарат агенттіктері хабарлаған ақпаратқа сүйенсек, кеше, 30 мамыр күні Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-Ин мен Жапония премьер-министрі Шинзо Абе телефон арқылы Солтүстік Корея тақырыбын кеңескен. Корей түбегі мәселесі төңірегінде пікір алмасқан екі ел басшыларының пікірінде аздаған айырмашылықтар жүз берген.
Жапон бас уәзірі бірінші болып қоңырау шалған бұл реткі сөйлесу 20 минутқа созылған. Корея президенті медиа құралдарына берген мәлімдемесінде жапон бас уәзірінің Солтүстік Корея ісіне қатаң позицияда екенін айтқан. Жапония премьер-министрі сөзінде: « Солтүстік Корея ескертуді тыңдамай арт-артынан зымырандар сынағын жасауда. Бұл әрекеттерін мүлде кешіруге келмейді. Қазір келіссөздерді қайта ортаға салудың кезеңі емес. Солтүстік Корея бұл жолы келіссөзді болдырмас үшін жасап отыр», – деген пікірн білдірді.
Корея тарапының мәлімдемесінде, Мүн Жа-Ин президент Шинзо Абенің айтқан кейбір пікірлеріне келісім бере отырып мынадай пікірін айтқан: «Біз бастан-аяқ Корей түбегінің тағдырына жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Санкциялар мен қысымдардың басты мақсаты Корей түбегін ядросыздандырып, Солтүстік Кореяны келіссөз үстеліне алып келу. Оған қоса біз Пиоңяңға (Пхеньян) ескерту сигналын жолдап отыруға тиіспіз. Сонда ғана КХДР келіссөз үстелінде өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартатын болады», – деген.
Ең маңыздысы жапон премьері Мүн Жа-Инге G7 мәжілісіндегі Солтүстік Корея тақырыбы туралы талқы мазмұнын айтып берген. Алдағы күндерде Корея президенті жапонның арнайы өкілінің Кореяға келуін асыға күтпек. Екі ел КХДР-ны тақырып еткен, кеңейтілген отырыс өткізуді жоспарлап отыр.