АҚШ Қорғаныс министрлігінің лауазымдысы жексенбі күні АҚШ-тың «Ислам мемлекетін» бір жола құртып жібергелі отырғанын айтты. Оларды қоршап жойып, жалғасты таралуын болдырмаймыз деп кеуде қақты. Бұл туралы «The Wall Street Journal» хабарлап отыр.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшысы Мэттис CBS News арнасының «Face the Nation» бағдарламасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың қорғаныс саласының алдағы басты мақсаты «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы күресті күшейту болып табылады. «Ислам мемлекеті» барлық өркениетті елдердің жауы. Құрама Штат бұл жағында тебін мен қарқынды арттырды. Аталған лаңкестік ұйымға қарсы күресті ең жоғары шекке дейін күшейтеміз», – деді.
Ирак армиясы әлде қашан пәрменді шабуылдарды іске қосты. Қазір террорлық топтан қайтарып алынған Мосул қаласының қалпына келтіру істерін қолға алуда. Мосулды қайтраып алу шайқасы сегізінші айға аяқ басты. Қазір ондағы лаңкестерге аяусыз соққы берілуде.
Жексенбі күні аталған теле-арнадағы сұхбатында Мэттис былай деді: « АҚШ-тың мақсаты шайқаста «Ислам мемлекеті» содырларын толықтай жойып жіберу. Олардың Солтүстік және өзге де Африка елдеріне, Азияға, Еуропа мен Америкаға мекен ауыстыруын болдырмау керек. Біз олардың табысқа жетуіне жол бермейміз. Оларды тек бір жола жойылып кету ғана күтіп тұр», деді, АҚШ қорғаныс министрі.