Кешегі АҚШ президенті мен Филиппин президенті арасындағы телефонда сөйлесу естелігі жарияланып, АҚШ-тың маңызды әскери құпиялығы әшкереленді деген ақпарат бүгін де әлемдік бақты дүрбелеңге салып отыр. АҚШ-тың жат түгілі жақынына бергісіз құпия мәліметті президент Трамп шай үстіндегі әңгімедей айтып салған. Бұл америкалық БАҚ-ты ашуландырып, шетелдік БАҚ-ты таңқалдырды.

Ресей «Спутниктік» сайтының айтуынша, АҚШ-тың ядролық суасты операциялары аса құпия болып табылады. Айталық, кеме капитаны мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ, кеменің орынын білу өте қиын. Америка Теңіз әскери флотында да, тіпті, Пентагон мен Ақүй ішінде  кеме туралы ақпарат құпия сақталады. Трамптың сөз етіп отырғаны ядролық қозғалтқышты әлде ядролық қарумен жабдықталған су асты кемесі болса да, бұл бір аса маңыз әскери құпиялықтың сыртқа шашылғаны болып табылады.

АҚШ «Business Insider» веб-сайты әскери істер сарапшы маманы Стивен Шварц былай деді: «АҚШ-тың әлемнің жер-жерінде қызмет атқарып тұрған 45 су асты кемесі бар. Оның бәрі қуатты ядролық қаруды қозғалтудың бұйрығын күтіп жүреді. Әлемде ешбір адам АҚШ су асты кемелері туралы мәліметті ала алмайды. Себебі, оларды пайдалану аса сирек әрі құпия күйде болады.

Трамп жақында ғана Ресейге құпиялықтарды ашып қойды деген айыптарға ілігіп қалып еді. Бұл Ресей сыртқы істер министрі АҚШ президенттінің қызмет кеңсесінде болған кезде шыққан әңгіме болатын. АҚШ «Уашингтон пост» басылымы бастап президентін құпиялықты шашты деп айыптады. Айталық, АҚШ-тың «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы күресіп жүрген ақпаршы агенттерінің басына қауіп төнгелі тұр деген еді.

“The Qazaq Times”