Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Тұрақты хатшысы Сэр Саймон Макдональдпен кездесті.
Казақстандық дипломат «Манчестер Арена» стадионындағы жарылыстарының құрбандары және жапа шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, әріптесіне Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэйге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын табыстады. Қазақстан лаңкестіктің кез-келген түрлері мен көріністерін қатаң түрде айыптап, халықаралық қауымдастықтың аталған зұлымдыққа қарсы жүйелі, практикалық ынтымақтастығын қолдайтындығы атап өтілді.
Кездесу барысында тараптар екі жақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрі бойынша қазіргі жағдайы мен перспективаларын қарастырды. Дипломаттар 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Лондонға ресми сапары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау бойынша бірлескен жұмыс нәтижелеріне оң баға берді.
Іскерлік топтардың, академиялық қоғамдастықтардың және екі елдің мекемелерінің берік серіктестік байланыстары Қазақстанның сыртқы саясатында Ұлыбритания векторына айтарлықтай көңіл аударылатындығының дәлелі болмақ. Екі ел серіктестікті екі жақты және көп жақты форматта нығайтуға ұмтылады.
Әңгіме барысында Астана қаласында өтетін, ашылуына бір айдан кем уақыт қалған «ЭКСПО-2017» халықарылық көрмесіне дайындық тақырыбы қозғалды. Британдық тарап бұл Лондон әлемге энергетика саласында соңғы технологиялық және инновациялық жобаларын ұсыну үшін тамаша мүмкіндік екенін атап өтіп, жоғары деңгейдегі көрмеге қатысуын қайта растады.
«Осы жазда Астана қаласында Британдық өкілдік делегациясын қуана қарсы аламыз және көрменің жұмысында британдық копаниялардың қатысуы нәтижелі болатындығына сенім білдіреміз» – деп атап өтті Қ. Әбдірахманов. «ЭКСПО–2017» көрмесінде британдық павильон ең үлкен павильондардың бірі және киіз үй пішінінде жасалады.
«Шет елдік инвестицияларды тарту және отандық экспортерлерді қолдау Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағытарының бірі болып табылады. Осыған орай, екі жақты қарым-қатынас мәселелерін әдеттегі мұнай және газ, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, технологиялық инновация салаларын әртараптандыруды қарастыру қажет» – деп атап өтті Қ. Әбдірахманов. Сондай-ақ екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жоспарлау барысында алдағы Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу факторын ескеру маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар озық тәжірибені кеңейту, дипломаттардың кәсіпқойлығын арттыру мақсатында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында жүйелі тәжірибе алмасуды реттеуді ұсынды.
Кесдесу барысында БҰҰ қамқорлығындағы негізгі Женева келіссөздеріне қоса, халақаралық қауымдастық Сириядағы озбырлықты тоқтатудың маңызды мүмкіндігі ретінде есептейтін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процессіне жоғары баға берілді.
Әңгіме барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметін және 2018 жылы қаңтардағы БҰҰ басты саяси органына республиканың төрағалық етуіне дайындығын талқылады. ҚР Сыртқы істер министрі Ауғаныстандағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесуге көңіл бөле отырып, Орталық Азия елдерінің өңірлік мүдделерін ілгерілетуге бағытталған елдің жауапты тәсілін атап өтті.