Ресейлік тергеушілер Қырғызстан тумалары Аброр және Акрам Азимовтерге терроризммен және қара-жарақ сақтады деген айып тақты. Акрамды тергеу ісі 3 сәуірде Санкт-Петербург метросындағы 15 адамның өліміне әкелген терактіні ұйымдастырушы деп атаған. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.
"Менің қорғауымдағы азаматтарға Қылмыстық кодекстің 205-(терроризм) және 222- (қару-жарақ сақтау) баптары бойынша айып тақты", – деді ағайындылардың адвокаты Дмитрий Динзе.
Азимовтарды Мәскеу түбіндегі Одинцов ауданында ұстаған. Акрам Азимов өзінің терактіге қатысы барын жоққа шығарған. Ағайындылардың анасы да ұлдарының бұл іске еш қатысы жоқ екенін, Акрамды ауруханада жатқан жерінен алып кеткенін айтқан.

Аброр Азимов
Бірақ тергеу ісі Аброр Азимовтің күдікті жанкешті Акбаржон Джалиловпен байланыста болған, теракт жасауға ақша жинаған дейді. Тергеушілердің айтуынша, Акрам Азимов болса террористік ұйым өкілдерін Ресейге кіргізу үшін жалған құжатпен айналысқан.
Айыпталушыларды қамауға алғаннан кейін, олардың 2013 жылы алған Ресей азаматтығынан айырды. ІІМ сотта Ресей азаматтығын аларда, жалған мәлімет бергенін айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?