АҚШ үкіметі ДАИШ ұйымына қарсы күресті қолдап, өзге мемлекеттермен бірлесе күрес жүргізіп отырғанымен, ПКК террорлық тобының Сүриядағы тармақтарына қолдау білдіріп отыр. Уашингтон билігінде де бұл әрекеттер үшін талас күшті. Бір күн бұрын бұл тақырыптар да АҚШ Сенатында арнаулы отырыс өтті. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио қызметі» ресми сайты хабарлап отыр.
АҚШ Орталық барлау ұйымының мәліметінше, АҚШ-тың Сүриядағы PYD/YPG қатарлы ПКК лаңкестік тобының тармақтарына қолдау білдіруі, аймақтағы тыныштыққа кері әсер етеді. Сондай-ақ, Сүриямен көршілес Түркия секілді елдермен болған АҚШ қарым қатынасына салқынын тигізеді деп отыр.
Аталған лаңкестік топқа қолдау көрсетуге қарсы тұлғалар Орталық барлау басқармасының басшысы және Республикашылдар мүшелері қатарлылар бар. Түркиямен болған дипломатияға салқындық түседі деп дауыс көтерген бұл шенділер, Ердоғанның АҚШ сапарынан кейін сөз алып отырса керек. Қалай десек те, бұл Уашингтон билігінің лаңкестік топтарды қолдағанын алғаш ашық пікірге салғаны.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?