Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қоғамдық кеңесінің төртінші отырысында кеңеске жаңа төраға тағайындалды. Жиналысқа қатысушылардың дауыс беруімен заңгер Евгений Сейпульник кеңестің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы БЖЗҚ-ның фейсбук парақшасында жазылды.
Евгений Сейпульник "Solutio" заң фирмасының бас директоры қызметін атқарады. Бұған дейін қоғамдық кеңесті саясаттанушы Досым Сәтбаев басқарған еді.
Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Досым Сәтбаев өзінің БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің құрамынан шығатынын хабарлаған. Экономист Рақым Ошақбаев пен «Қаржылық еркіндік» қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова да қоғамдық кеңестің құрамынан шыққан болатын.