2017 жылғы 31 мамыр – 05 маусым аралығында Шымкент қаласы «Элдорадо» спорттық кешенінде Стенд атудан Қазақстан Республикасының ІV Жастар спорт ойындары өтеді. Қатарлас «Оңтүстңк Қазақстан облысының Гран-приі» халықаралық турнирі өткізілетін болады деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Бұл жарысқа Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен қатар Астана және Алматы қалаларынан 100 ден астам жас спортшылар қатысады.
Дода барысында 17-ші Азия ойындарының чемпиондары мен жулдегерлері Дмитриенко Мария, Могилевский Андрей, II Жасөспірімдер Азия ойындарының жеңімпаздары Александр Мухамедиев, Давид Почивалов, XIII Азия Чемпионатының чемпионы Чикулаев Артем және VI «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Горбачева Александра, Почивалов Артур, Иванова Екатериналар өз шеберліктерін көрсететін болады.
Қазақстан Республикасы ІV Жастар спорт ойындарының мақсаты: Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, республиканың облыс және қалаларындағы спорт түрлері бойынша спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу.
Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 02 маусым сағат 12-00 Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.
Жарысты ұйымдастырушылар ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, Облыстық ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.

“The Qazaq Times”