Қазақстандағы «Bank RBK» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ акционерлері қаржы институттарын біріктіру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта екі банктің өкілдері арасында бірігудің негізі болатын өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылады. Құжаттардың негізгі қосымшасы Ұлттық банкпен бекітілді, деп хабарлады Bank RBK-ның баспасөз қызметі. 

Хабарламада айтылғандай, банктер біріктірілгеннен кейін Bank RBK деген атауға ие болады. Бірігу жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіледі және жаңа құрылымды бақылауды Владимир Ким қолға алуы мүмкін.

«Банктердің капиталдарын біріктіру арқылы банк секторындағы ойыншыларды нығайту - жақсы әрі қуатты банк құру мақсатына жету жолында жасалатын дұрыс шешім. Бұл ел экономикасын дамытудағы басты драйвер. Сондықтан  Bank RBK мен Qazaq Banki-нің бірігуі өзара түсіністікпен және Ұлттық банктің қолдауымен жасалып отыр", - деп жазылған хабарламада «Bank RBK» АҚ-ның басқарма төрағасы Игорь Мажиновтың сөзі.

Bank RBK Қазақстандағы ірі банктердің ондығына, ал Qazaq banki алдыңғы жиырма банктің қатарына кіреді.

"The Qazaq Times"