Халықаралық валюта қоры Ресейге 2017 жылы атқаруға тиісті жұмыстар бойынша бірнеше кеңес берді. Бюджет ережелерін қабылдап, инфляция деңгейін 4%-ға жеткізу, ақша-несие саясатын жеңілдету және зейнетақы жасын ұлғайту туралы айтты. 

ХВҚ сарапшыларының сөзінше, Ресей зейнетақы жасын заңды түрде ұлғайту үшін зейнетақы реформасын өткізу қажет және демографиялық тенденция мен еңбек нарығына кері әсерін тигізбейтіндей ұйымдастырылу керек.

ХВҚ-ның мәліметінше, Ресей экономикасы екі жылдық тоқыраудан енді-енді ес жиып келеді. Өйткені өткен жылы тиімді іс-шаралар жүргізілген.

Сондай-ақ, валюта қоры мемлекетік экономикалық өсімі 2017 жылы 1,4% деңгейінде сақталады деген болжам айтты. Бұдан бөлек, қор қазіргі экономика нарығындағы жағдайды және мұнай бағасының өсуін ескере отырып өсімнің нәтижелі болуына көмектесетін қажетті шараларды жүзеге асыруды ұсынды.

"The Qazaq Times"