АҚШ та басқа мемлекеттерге қарыз. Ұлы державаның қарызы шамамен 20 трлн доллар. Сонымен АҚШ кімге қарыз болып отыр? Оны TitleMax агенттігі жасаған инфографикадан байқауға болады.
Мұнда тіпті АҚШ-қа қарыз елдерді де байқауға болады.
Федералды үкіметтің қарызын екі топқа жіктеуге болады: мемлекеттік қарыз және ішкі мемлекеттік қарыз.
Ал ішкі мемлекеттік қарыз - басқа федералды органдар арқылы басқарылатын бағалы қағаздар.
2016 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша АҚШ-тың федералды қарызы мынадай: мемлекеттік қарыз - 14 202,1 трлн доллар, ішкі мемлекеттік қарыз - 5 395,7 трлн доллар.
Бұл қарызды категорияларға жіктесек, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы кімдерге тиесілі екенін көреміз.
Категория | Қарыз (млрд доллар) |
Шетелдік қарыз | 6 154,9 |
ФРЖ | 2 490,6 |
Инвестицициялық қор | 1 524,8 |
Штаттарды басқару органдары (зейнетақы қорларын қоса алғанда) | 899,4 |
Банктер | 620,3 |
Жекеменшік зейнетақы қорлары | 549,1 |
Сақтандыру компаниялары | 344,8 |
АҚШ жинақ облигациялары | 165,8 |
Басқалары | 1 449,1 |
Бұл категориядағы қарыздың шамамен 43%-ы шетел үкіметтеріне, корпорацияларға, инвесторларға тиесілі.
Ал төменгі кестеден АҚШ-тың қандай елдерде, қанша қарызы бар екенін көреміз.
Мемлекет | АҚШ қарызы (млрд доллар) |
Жапония | 1 090,8 |
Қытай | 1 058,4 |
Ирландия | 288,2 |
Кайман аралдары | 263,5 |
Бразилия | 259,2 |
Швейцария | 229,9 |
Люксембург | 223,4 |
Ұлыбритания | 217,1 |
Гонконг | 191,4 |
Тайвань | 189,3 |
Үндістан | 118,2 |
Сауд Арабиясы | 102,8 |
Басқалары | 1 771,7 |
Жалпы АҚШ-тың қарызы Обама келгенге дейін 17 жыл ішінде 5 трлн долларға артқан. Ал Обаманың билігі кезінде қарыз дәл осы деңгейде еселенді. Яғни Обама мемлекет қарызын Буштың кезіндегі қарыздан да көбейтіп жіберді.
Обама Президент болған күні федералды қарыз $10626877048913,08 доллар болды. Ал 2017 жылдың 18 қаңтарында Обама Ақ үйден кететін күні қарыз 19961467137973,64 долларға тең болған.
Жалпы Обама кезіндегі қарыздың жылдам өсуі 2008 жылдардағы дағдарыспен және Ауғаныстандағы әскери компанияға кеткен шығындармен байланысты болған. Ал Трамптың кезінде қарыз тағы 5 трлн долларға есленуі мүмкін.