Жапонияның ханшайымы махаббат үшін тақ мұрагерлік атақтан бас тартпақ. Жапон баспасөздеріне сілтеме жасаған «Шинлаң» ақпараттық агенттігі осылай хабарлайды.

Жапонияның императоры Акихитоның қызы Мако 2012 жылы Токиодағы Халықаралық Христиан университетінде Кей Комуро атты жігітпен танысқан. Көңілдері жарасқан жұптар отау құруға бел байлайды. Алайда, патша отбасының ережесіне сәйкес жай бұқарамен тұрмыс құрған патша әулеті мүшелері ақсүйек дәрежесінен алынып тасталады. 25 жастағы жапон ханшайымы Мако өз сүйіктісі Кей Комуроға тұрмысқа шығу үшін «Жапония королінің тақ мұрагері» атағынан және ақсүйек атақтан уаз кешпек.

Олар алда күнде отау құруға дайындалып жүр. Кей Комуро бір құқық қорғау орынында жұмыс істейді. Бұдан бұрын туризм саласында да жұмыс істеген екен. Қазір отбасымен бірге  Йокахама қаласында тұрады.  

“The Qazaq Times”