АҚШ Әділет министрлігінің хабарлауынша, FBI-дың бұрынғы басшысы Роберт Мюллер 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресейдің араласуын тексеру ісінің жетекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын.
Алайда, АҚШ Әділет министрлігінің Трамп пен Ресей арасындағы байланысты тексеруден жалтарып отырғаны байқалады. АҚШ Әдлет министрлігінің вице-министрі Rod Rosenstein бұл реткі тағайындау туралы түсінік бере келіп: «Әділет министрі Жефф Сессионс 2016 сайлаумен байланысты кез-келген тергеуді болдырмау туралы шешім қабылдады. Сондықтан, арнайы кеңесші тағайындау арқылы қоғамдық мүдделерді жауапкершілік таныту керек деп қарайды», – деген екіұшты жауабын қайырды. Әрі, бұл шешім қандайда бір қылмыстың болғанынан немесе сол қылмысты жасыру үшін жасалмағанын айтты.
Мюллер Сәрсенбі күннен бастап федералдық прокурор ретінде жұмыс атқара бастады. Ол 2001 жылдан 2013 жылға дейін FBI-дың басшысы қызметін атқарған. Қандай жағдайда да дербес көзқарас ұстанушы ретінде танымал болған тұлға.