Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ақтаудағы мұнайшылар кәсіподағының басшысы Әмин Елеусіновтың сотталуына қарсы.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының Орталық Азия елдері бойынша сарапшысы Мира Риттман «Елеусіновтың екі жыл бас бостандығынан айырылуының саяси астары бар. Кәсіподақ жыйындарын өткізуге кедергі жасау, одақ басшыларын түрмеге тоғыту, мұның барлығы адам құқығын шектеу екендігін Қазақстан билігі білуі тиіс.  Әмин Елеусінов Қазақстанда соңғы екі айда сотталып отырған екінші кәсіподақ басшысы. Бұған дейін Нұрбек Құшақбаев екі жарым жылға сотталған болатын. Елеусінов пен Құшақбаевтың кінәсіз, олардың бар жазығы қарапайым жұмысшылардың сөзін сөйлегендерінде.» деді журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Бұдан бөлек Елеусіновтың сотталуына  Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясыда өзінің алаңдаушылығын білдірген.

16 мамыр күні кәсіподақ басшысы Әмин Елеусіновты Астана қаласының Алматы аудандық соты кәсіподақ қаржысын жымқырды деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырған.

Естеріңізге салайық 2017 жылдың қаңтар айында Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевтың ұйымдастыруымен Ақтауда «Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының» жабылуына қарсы мұнайшылар аштық жариялаған. Осыған байланысты 20 қаңтарда Елеусінов пен Құшақбаев Ақтау қаласында тұтқындалып, Астана қаласына жеткізілген. Кейінен оларға кәсіподақ қаржысын жымқырды деген айып тағылып, қамауға алынған болатын.

“The Qazaq Times”