Ресей президенті Владимир Путин АҚШ БАҚ өкілдерінің Дональд Трамптың Сергей Лавровқа мемлекеттік құпияны жайып салды деген айыбын «саяси шизофрения» деді.
Италия премьмер-министрі Паоло Джентилонимен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізген Владимир Путин, «Трамп пен Лавровтың кездесуінен кейін АҚШ-та болып жатқан оқиғаларды «саяси шизофрения» деуден басқа еш нәрсе деп айта алмаймын. Егерде АҚШ администрациясы қаласа, біз Трамп пен Лавров арасындағы келіссөздің жазбасын беруге дайынбыз.» деді.
Сейсенбі күні АҚШ-тың Washington Post, New York Times сынды бір қатар басылымдары Дональд Трамп, РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде мемлекеттік құпияға ие ақпаратты айтып қойды деген ақпарат таратқан.
Ал өз кезегінде Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен күресте, АҚШ-тың президенті ретінде Ресеймен құпия ақпараттармен бөлісуге құқы бар екендігін айтқан болатын.